• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Сәуір, 2020

Шымкент: ИЧ-167/4 мекемесінің қызметкерлері арасында жемқорлыққа жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

753 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ИЧ-167/4 мекемесі басшысының орынбасары, әділет майоры Сапарғали Жұмағұлов жеке құрам қызметкерлеріне үнемі «ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, ҚР-ның ішкі істер орган қызметкерлерінің Әдеп Кодексі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа бармауды, сотталғандармен жақын қарым-қатынасқа түспеу, арнайы контингентпен қызметтік емес байланыс жасау деректеріне жол бермеу туралы жиі үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, ведомостьқа қол қою арқылы таныстырылуда. Бүгінге дейін, мекеменің жеке құрам қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жол беру дерегі орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу еліміздің заңнамаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп, лауазымды қолданып алу немесе ысырап ету жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын індет  саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Олардың «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөздері бекер айтылмаған. Осы мақсатта біздің мекеме осы жаман індетпен күресудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолданып келеді», дейді  ИЧ-167/4 мекеме басшысының орынбасары, әділет майоры Сапарғали Жұмағұлов.

«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басым бағыттарға тоқталған мекеме басшысының орынбасары әр азамат жемқорлықпен күресуді өз қызмет ортасынан бастау керек екендігін айтып өтті. 

«Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Қазақстан Республикасы жүргізілетін саясатымен сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ деп көрсетеді. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Біздің Еліміз бүкіл әлемге танымалы болу үшін үлкен жұмыс жасалып жатыр. Оның ішінде Елбасымыз қолдаған саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданды. Халықтың және басқа елдердің Қазақстанға беріп отырған сенімін ақтау үшін барлық шаралар жасалуда, сыбайлас жемқорлықпен күресу сұрағы олардың ішінде ең маңыздылардың бірі. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс», деді С.Жұмағұлов.